Қостанай облысы бойынша қазақ алфавитін кириллицадан латын қарпіне көшіруді ілгерілету бойынша ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына сәйкес, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында 2017 жылдың 14 қазанында сағат 12.00-де поляк және татар этномәдени бірлестіктері тыңдаушыларының қатысуымен қазақ алфавитінің жаңа нұсқасын талқылау жөнінде кездесу өтті.
Аталмыш кездесуге Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының мамандары, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, этникалық топтарға сабақ беретін оқытушылар мен тыңдаушылар қатысты.
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының татар тілі оқытушысы Р.В.Бектемиров, поляк тілінің оқытушысы И.В.Гвоздецкая баяндамалар оқыды. Қазақ алфавитінің латын қарпіне көшу бойынша тиімді жақтарын көрсете отырып, өз ойларын ортаға салды.
Кездесудің соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ойларын айтты.