2019 жылғы 3 мамырда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары Г.Крикпенова мен А.Миркемелова «Qostanaı» телеарнасының «Tobyl tańy» ойын-сауық/сазды бағдарламасында болып қайтты.
Бағдарламада Қазақстан халықтарының бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күні мерекесіне орай өткізілген ашық сабақтарға тоқталып, қазіргі таңда тілдерді үйренушілерге осындай ашық сабақтарды өткізудің тиімділігі туралы сөз қозғалды.