«Наурыз аруы» байқауы

2018 жылғы 6 наурызда  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы өз  тыңдаушыларының арасында шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған  «Наурыз аруы» атты байқауды ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты: қазіргі қоғамдағы аяулы арулар мен әйелдердің әлеуметтік рөлін айқындау, ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, бірнеше тілді меңгеруін саралау болып табылады. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курсына қатысып жүрген тыңдаушылар аталған байқауға ерекше шабытпен, шығармашылық тұрғыдан белсене қатысты.

Қатысушылар бірінші кезеңде өзін-өзі таныстырды. Екінші кезеңде ұлттық салт-дәстүрден қысқаша көрініс көрсетті. Үшінші кезеңде бойға дарыған өнерді паш ете білді (қолөнер, аспапта ойнау, ән, би және тағы басқалар). Соңғы кезеңде жағдаяттық сұрақтарға жауап беру арқылы, өздерінің интелектуалдық қабілеттерін көрсетті.

Байқауға қатысушылар номинация бойынша арнайы алғыс хатпен марапатталды. Ал қазылар алқасының таңдауы бойынша Қостанай облысы ІІД тергеу бөлімінің тергеушісі Татьяна Квасенко «Наурыз аруы»  байқауының Бас жүлдесіне ие болды.