2018 жылдың 6 қыркүйегінде Л.Толстой атындағы әмбебап кітапханасында А.Байтұрсыновтың 146 жылдығына орай 2031 әскери бөлімінің мемлекеттік тіл үйренушілерінің арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты байқау өтті.
Бұл шараға «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының әдіскері А.Доспанова әділқазы ретінде қатысты.
Негізінде тіл үйренушілер «Тұлпарлар» мен «Алғырлар» атты екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Тыңдаушылар ұсынған тапсырмаларды кезекпен орындап, өз білімдерімен қатар тапқырлығын да байқатты. Мысалы: викторина сұрақтары, полиглот тур, әуенді тап деген тапсырмалар жалпы байқаудың тақырыбын толық ашып өз мәресіне жетті. Қатысушылар белсенді болғандықтан байқау қызықты өтті. Ал байқауда «Алғырлар» командасы жеңімпаз атанып дипломмен марапатталды.