«Латын әліпбиі – қазақ тілінің болашағы» атты дөңгелек үстел

2017 жылдың 26 қыркүйегінде Қостанай педагогикалық колледжінде «Латын әліпбиі  – қазақ тілінің болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге стундеттер мен қазақ тілінің оқытушылары қатысты.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры – Талапова Гүлнәр Маратқызы және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі – Жүрсіналина Гүлжанат Құрмашқызы өз баяндамаларын түсіндіріп, латын әліпбиінің тиімділігін айтты.

Іс-шара барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды.

Ұсынылған мәселе төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып,  пікір-таласқа ұласқан дөңгелек үстелдің жұмысы қорытындыланды.