«Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» атты семинар өтті

2017 жылдың 02 қазанында  сағат 14.30-да «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» атты семинар өтті.

Семинарға Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының мамандары, ф.ғ.к. профессор Жақып Қалқаман Хасенұлы, Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.

Семинарда ф.ғ.к. профессор Жақып Қалқаман Хасенұлы «Латын әліпбиіне көшудің мәселелері» және «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Жарасбаева Жанна Темірболатқызы «Латын қарпіне көшу – уақыт талабы» атты баяндамаларын оқыды. Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ойларын айтты.