“Латын графикасымен таныстыру” Құрылыс колледжінде

2019 жылдың 29 наурызында Қостанай Құрылыс колледжінің мекемесінде Латын графикасында негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелермен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Осы семинарға Қостанай педагогикалық, индустриалдық, әлеуметтік-техникалық колледждері қатысты.

Семинар  жұмысын Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы К.Бимағанбетов алғашқы сөзімен бастады. Келесі сөз кезегі Құрылыс колледжінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі К.Муканова жалғастырды.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Г. Крикпенова  Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерімен таныстыру жұмысын өткізді.

Ақпараттық жиынға қатысқан колледж мұғалімдері белсендік танытып, өзекті сұрақтарды қозғады. Өз ой пікірлерін ортаға салды, ұсыныстарын да айтты.