“Латын графикасымен таныстыру” №8 мектепте

2019 жылдың 1 сәуірінде № 8 мектепте латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелермен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Таныстыру жұмысын Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының  жоспарлау және талдау ақппараттық технологиялар бөлімінің  бас маманы Б.Нысанова алғашқы сөзімен бастады.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Г.Крикпенова таныстыру жұмысын өткізді. Ақпараттық жиынға қатысқан мектеп мұғалімдері белсендік танытып, өзекті сұрақтарды қозғады. Өз ой пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын  айтты.