2019 жылдың 27 наурызында № 2 мектеп-лицейінде Латын графикасында негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелермен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Таныстыру жұмысын Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау және талдау ақппараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Б.Нысанова алғашқы сөзімен бастады.
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б. Жұматай таныстыру жұмысын өткізді.
Ақпараттық жиынға қатысқан лицей мұғалімдері белсендік танытып, өзекті сұрақтарды қозғады. Өз ой пікірлерін ортаға салды, ұсыныстарын да айтты.