«Көрнекі ақпарат: мәселелер және оны шешу жолдары» дөңгелек үстел

2019 жылғы 27 наурызда  Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Федоров ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Көрнекі ақпарат: мәселелер және оны шешу жолдары» дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге тілдерді дамыту басқармасы мамандары, облыстық ономастика комиссиясы мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері, Қостанай, Рудный қалалары,  Қарабалық, Федоров аудандары әкімдіктері мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшылары мен мамандары, ономастикалық жұмыс топтары мүшелері, тілдерді оқыту орталықтары, жастар ұйымдары өкілдері қатысты.

Іс-шара модераторы Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ономастика және көрнекі ақпараттар мониторингі бөлімінің басшысы Ж.Науразбаев

 Аталған іс-шараға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова «Жаңа қазақ әліпбиін БАҚ және көрнекі ақпарат арқылы ілгерілету» тақырыбында баяндама оқыды.

Дөңгелек үстелге жиналғандар латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі, жарнама мәтіндерін аударудағы қиындықтар мен қателер туралы сұрақтар қойып,  өз пікірлерімен бөлісті.