«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік мекемесі жанындағы «Ресурстық тіл орталығымен» бірлесе отырып, «Аудиодиктант жазамыз» атты онлайн-акция ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына сәйкес латын әліпбиінде жазу дағдыларын қалыптастыру
Онлайн диктантқа «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары оның ішінде, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджетік жоспарлау, Қостанай облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармалары, «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ және Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясының қызметкерлері қатысты.
Аталған іс-шараға жалпы 100-ге жуық адам қатысты.