2018 жылдың 04 шілдеде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында украин тілінің оқытушысы Сергей Петрович Ивженко Астананың 20 жылдығына орай «Астана – арман қала» атты ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: тыңдаушыларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы кеңінен мәлімет беру. Оқытушы мен тыңдаушылар арасында диалог- сұхбат болды. Тыңдаушылар тақтадағы «Будівництво столиці» презентациямен танысып, Астананың сәулеті, экономикасы, дамуы туралы өз ойларын ортаға салды.
Оқытушы сабақты “Сен білесің бе?” викториналық сұрақ-жауап түрінде бекітті. Сабаққа тыңдаушылар белсенді қатысты.