2018 жылғы 23-24 тамызда Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен Амангелді, Жангелді аудандарында «Тілдерді оқыту орталықтарына әдістемелік көмек көрсету» көшпелі семинар өткізілді.
Аталған көшпелі семинарға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Қ.Ербатырова қатысып, «Облыстағы тілдерді оқыту орталықтары туралы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, жаңадан ашылған Амангелді, Жангелді аудандық орталықтарына оқу-әдістемелік көмек ретінде оқу құралдарын, сөздіктер мен тілашар аудиоқұралдарын тапсырды. Семинарға қатысушылар өзара әріптестік байланыс орнатып, ойларын ортаға салды.