Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту

орталығы» КММ басшысының м.а. 2017

жылдың 25 қыркүйегіндегі

№ 06-2/50-Ө бұйрығымен

бекітілген

 

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесінің

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

Жалпы ережелер

 

  1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға және «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартына сәйкес әзірленген.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық).

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың жеке саласына арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған. Қоғамдық қатынастардың жеке саласының атауы: мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді оқыту орталығы.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:
  • орталықта жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары:
  • заңдылық;
  • ашықтық;
  • әдептілік;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
  • мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы осы стандарт Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру мақсатында әзірленді.

Орталықта жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекет) ережелері:

  1. Орталықтың қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
  • Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңдылық принципін басшылыққа алады;
  • Қазақстан халқының бірлігі мен еліміздің ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекетік және басқа де тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтейді;
  • жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестермен қарым-қатынас жасауда адал, әділ, қарапайым болады, көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтайды, сыпайылық және биязылық танытады;
  • өз әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сыналуға, сынның артына түспеуге жол бермейді, өз әрекетінің кемшіліктерін жою және жақсарту үшін конструктивті сынды қолданады;
  • лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпейді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпейді;
  • шындыққа сәйкес емес мәліметтерді таратпайды;
  • заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермейді;
  • атқару үшін алынған өкімдердің, бұйрықтардың заңдылығына күманданған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша түрде хабарлайды;
  • сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезінде басшылыққа жеткізеді;
  • еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтайды;
  • берілген өкілеттіктерін тиімді пайдаланады;
  • басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объктівті және тексерілген ақпараттар ұсынады.

  1. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде мыналар ұсынылады:
  • мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;
  • Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну;
  • мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
  • сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу;
  • атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Бірыңғай борышкерлер тізіліміне қосылған әлеуетті жеткізуші және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысушыға жол бермеу.

  1. Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде, басшы:
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің айқындылығын қамтамасыз етеді;
  • жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызмет және басқа адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбайды;
  • жұмыс функцияларын атқарумен үйлеспейтін қызметтер және қәсіпкерлік қызмет атқармайды;
  • лауазымдық құзіреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолданбайды;
  • жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық қызметін атқарғаны үшін сыйақы алмайды (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызметкөрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйлықтар);
  • басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлық жасамайды;
  • қызметтік міндеттерін абыроймен, алалықсыз және сапалы атқарады;
  • бағынышты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттігінің көлемін нақты және анық белгілейді;
  • бағыныштағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермейді;
  • олардың әрекеттерінің нәтижелерін бағалау барысында, сондай-ақ мадақтау және жаза қолдану кезінде шындық және әділдік танытады;
  • бағынышты қызметкерді орынсыз айыптауға, дөрекілік факторларына, адамның ар-намысына тиюіне, жөнсіздікке, дөрекі мінез-құлыққа жол бермейді;
  • олардың лауазымдық міндеттерінен тыс немесе орындалмайтын, сондай-ақ заңға қайшы тапсырма бермейді;
  • қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында бағыныштылардың әрекеттеріне әсер ету үшін қызмет бабын пайдаланбайды;
  • бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық жасауға итермелемейді;
  • мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, автокөлік құралдарын қоса алғанда, мүлікті қызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдаланады.
  • орталықта еңбек заңнамасының орындалуын, еңбек тәртібі мен шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • мүдделер қақтығысына жол бермейді, ал ол туындаған кезде заңнамаға сәйкес жою бойынша шара қолданады;
  • қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдайды;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрады, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықты ашуға белсенділік танытады.

  1. Тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты өзге қарым-қатынастар кезінде:
  • іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтайды;
  • басқа қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзышылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолданады;
  • ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан бас тартады.