“Азық-түлік. Отандық тауар.” ашық сабағы

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы

Доспанова Айткүл Масақбайқызы

Қостанай қаласы

 

Сабақтың тақырыбы: Отандық тауар (А1 қарапайым деңгей)

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: «Азық- түлік» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын байыту. Жаңа тақырып туралы білім беру. Жаңа сөздерді меңгерту, осы сөздер арқылы сөз тіркестері мен сөйлем құруға дағдыландыру.

Дамытушылық: Тыңдаушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық көзқарастарын дамыту.

Тәрбиелік: Отандық тауарларды насихаттау.

 

Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:1. Сәлемдесу.

2.Тыңдаушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

  1. Өткен сабақты қайталау:

А)  Өткен тақырыптағы сөздерді қайталау.

Ә)  емес болымсыз түрін дұрыс қолдана білу.

Бұл айран емес

Бұл нан

 

Бұл ірімшік емес

Бұл  ұн

Бұл күріш емес

Бұл кәмпит

IІI. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1. Кіріспе сөз

2. Ауыспалы осы шаққа қатысты кестені сызып алу, оны түсіндіру.

Мысалы:  Мен Сен Сіз Ол  есімдіктерді ауыстырып, ауыспалы осы шақта айту.

Мен тұрамын

  • … сатып аламын
  • … аламын
  • … жұмыс істеймін

 

Ә)  Нан, сүт, жұмыртқа, кәмпит, айран, шұжық, ірімшік, ет, шырын, су

    Жеймін                                           ішемін

   Жемеймін                                       ішпеймін  (сөйлем құрастыру)

 

  1. Сөздікпен танысу:

А) сөздерді дұрыс айту;

Ә) сөздікке жазып алу;

 

 

4. Жаңа сөздерді  пайдалана отырып, сөйлем құрап жазу.

Қайсысын  аласыз ?

Арзан,  сапалы , сапасыз , қымбат

Мен отандық өнімді аламын (алмаймын), себебі ол  … .

Мен шетелдік өнімді аламын (алмаймын) , себебі ол … .

5. Сөйлесім. Отандық тауарды насихаттау. Жаңа сөздерді пайдалану.

1. Дүкенде сауда жасаңыз.

2. Базарда сауда жасаңыз

  1. Сергіту сәті: Кім жылдам? Отандық өнім мен шетелдік өнімді ажыратыңыз. (Интерактивті тақтада берілген тапсырманы орындау).
  2. Оқылым. Сөйлемдерді ретімен орналастырыңыз.

А)

Ә) Нағима: Сәлеметсің бе, Олеся!

Олеся: Сәлем, Нағима. Халің қалай?

Нағима: Рақмет, жақсы. Өзің ше?

Олеся:  Жақсы.

Нағима: Олеся, не аласың?

Олеся: Мен ірімшік, қаймақ, жұмыртқа сатып аламын.

Нағима: Нан аласың ба?

Олеся:  Жоқ, алмаймын. Сен не аласың?

Нағима: Қант, шұжық, сүт , нан аламын.

Олеся:  Жақсы.

Нағима: Бұл дүкенде күріш арзан екен.

Олеся:  Солай ма? Қанша теңге тұрады ?

Нағима: 1 келісі 150 теңге.

Олеся:  Иә, арзан екен. Базарда қымбат.

Нағима: Иә, базарда көп азық-түлік қымбат.

Олеся:  Нағима, бұл дүкенде шетелдік өнім көп екен.

Нағима: Иә, неге отандық  өнім аз ? Түсінбеймін.

 

Мәтінмен жұмыс:  А) Сұраққа жауап беріңіз.

Олар не сатып алады?

  • Олеся … .
  • Нағима … .

 

Ә) Сөйлесім

– Нағима мен Олеся қайда?

– Олар қай дүкенде?

– Олар не сатып алады?

– Не арзан және қымбат? Қандай?

– Дүкенде отандық өнім неге аз ? Қалай ойлайсыз?

  1. Тыңдалым. Дұрыс жауапты табу.

Айжанның халі қалай ?

Жақсы             жаман емес              өте жақсы

Айжан қайда?

Дүкенде          жұмыста                үйде

Олар қайда барады ?

Жұмысқа           дүкенге    киноға

Үйден қашан шығады?

Таңертең             түсте                кешке

Сөздерді тыңдаңыз. Қай сөздер айтылған жоқ? Жазыңыз. Айтылмаған сөздермен сөз тіркестерді құрастырыңыз.

Азық-түлік, айран, отандық, нан, алу, бару, жоқ, себебі, ет, шетелдік, жұмыртқа, кәмпит, қаймақ, өнім, қант, сүт, шұжық, ірімшік, қымбат, шырын, сапалы, май, арзан, жеймін, ішемін, қанша тұрады?, сатып алу. 1.

2.

3.

4.

  1. Жаңа сабақты бекіту:

ІV. «Жолы болғыш»  ойыны арқылы бекітеміз. 

Ойын ережесі: Тыңдаушыларға сауытқа салынған  жеребе беріледі, қағаздың біреуінде «Жолы болғыш» деген жазуы болады. Осы жазуы бар қағаз кімге түссе сол сұрақтарға жауап береді. Тыңдаушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарды қояды.

V. Үй тапсырмасын беру: жаңа сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыру.

VI. Сабаққа белсенді қатысқан тыңдаушыларды бағалау.