2023 жылдың 16 наурызында «Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы»КММ-де «Наурыз-береке бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Аталған іс-шараны «Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Г.Е.Мендекинова ашты. Іс-шара барысында тыңдаушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Асық ату», «Сақина салмақ», «Теңге ілу» ұлттық ойындары ойнатылып, қонақтарға наурыз көже таратылды. Іс-шараға 6697 әскери бөлім тыңдаушылары және өз еркімен ниет білдірген тыңдаушылар қатысты. Мерекелік іс-шара «Қара жорға» биімен аяқталды.