1. Бiлiмнiң жол басшысы, Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)
2. Әр шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Әр үде бар, тапқышым, кәне тапшы. (радио)
3. Мен кетемін, ол қалар. (із)
4. Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,
Мен мүдірсем, ол да мүдіреді. (көлеңке)
5. Терісі сары, еті дәрі (лимон)
6. Үйден ең соңынан шығатын кім?
Үйге ең алдымен кіретін кім? (кілт)
7. Есігі біреу, бөлмесі бесеу. (қолғап)
8. Күн күледі, жер түледі (көктем)
9. Орақ болып туады, табақ болып тынады. (ай)
10. Аяғы жоқ, қолы жоқ.
Жүрмейтін жолы жоқ. (хат)
11. Әшейінде жекесің, қарай қалсаң – екеусің (айна)
12. Шайнасаң, жағың талады,
Тісіңнің кірін алады. (сағыз)
13. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (пияз)
14. Ілулі тұр кең алаң, керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп, сүртем сосын өшіріп. (тақта)
15. Онсыз жақсы өмір жоқ,
Онсыз жақсы көңіл жоқ,
Тәтті, бірақ жемейсің,
Керек емес демейсің. (ұйқы)
16. Көреді бәрін өзгенің,
көре алмайды өздерін. (көз)
17. Он көз бар өзінде,
Он сан бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың. ( телефон)
18. Құмды жиған — тұмсығы диван. (экскаватор)
19. Жел соқса, жайқалып толқиды.
Ел оқыса, тұла бойың балқиды. (Өлең)
20. Алға жайып тұз-дәмiн, келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны, жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы, осы жерден тарайды. (Дастархан)
21. Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар. (Таба нан)
22. Бiр құлаштай сабы бар,
Бунақтары тағы бар.
Басы ұқсас қайыққа,
Жолықтырар ойыққа,
Қос танабы тартылған,
Ұзына бойы ән тұнған. (Домбыра)
23. Айдында жүзедi,
Тiрi күмiс сүзедi. (Балықшы)
24. Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртiбiн нұсқаған.
Өмiрiңдi күзеткен,
Ысқырығы күштi адам. (Полиция қызметкері)
25. Өнерге тән жаратқан,
Көкiрегi кең аспан.
Барша жұртты қаратқан,
Бейнегер кiм тым асқан? (Қылқалам шеберi- суретші)
26. Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керiледi.
Жиқазы мол кең бөлме,
Төбесiнен жұлдыздар көрiнедi. (Киiз үй)
27. Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (Бiлiм)
28. Асқа бармайды,
Аспаздан қалмайды. (алжапқыш)
29. Ернi жырық — кiшкене сырық. (Ұршық)
30. Әйнектей көгiлдiр,теңiздей тым мөлдiр. (Аспан)
31. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
32. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (ағаш)
33. Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ. (көйлек)
34. Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз. (Зымыран)
35. Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі. (бұлақ)
36. Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам)
37. Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа)
38. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа мен балапан)
39. Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)
40. Зер-зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем зор кілем. (Жер)
41. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)
42. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)
43. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сарап,
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап. (Ағаш)
44. Жазы, қысы өзгермес,
Жаралған баста түрінен.
Қанша аяз болса да,
Айырылмайды гүлінең. (Қарағай)
45. Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)
46. Қыста да, жазда да көктейді,
Ал онсыз жаңа жыл өтпейді.
Бұл не? (Шырша)
47. Жазда жасанады,
Қыста томсарады. (Ағаш)
48. Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
49. Көзі жер астында. (Бұлақ)
50. Жаурағнда күлдірер,
Аяғы жоқты жүргізер.
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (От)