Шырайлы кездесу

Ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының басшысы Анар Фазылжан Мұратқызымен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында ғалымдардың шырайлы кездесуі өтті. Кездесуде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары мен А. Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетінің ғалым-оқытушыларына құнды ақпараттар беріп, пікір алмасты.