Жалпыұлттық патриоттық диктант «Еркін ел ұрпағы»

2023 жылдың 4 мамырында сағат 11.00-де Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында “Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктант барлық қазақстандықтардың қатысуымен бір мезетте ұйымдастырылды. Диктанттың мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Диктантты ҚР Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің курсанттары, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Полиция департаменті, Қостанай санитарлық-эпидемиологиялық, Статистика департаменті, Қаржы басқармасының қызметкерлері және  тыңдаушылар жазды. Жалпы 150-ден астам адам қатысты.