Ауданның тілдерді оқыту орталықтарына оқу-әдістемелік көмек

2023 жылдың 10 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Т.Ә. Айтмағамбетова мен әдіскер Б.Т. Ахметжанова орталықтың желілік жоспарына сәйкес Ұзынкөл ауданы әкімдігінің “Тілдерді оқыту орталығы” КММ және “Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту ортаылығы” КММ-не әдістемелік көмек көрсету мақсатында іс-сапарға барды.

Іс-сапар барысында аудандық тілдерді оқыту орталықтарының жұмыстарына бағыт-бағдар беріліп, көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Ұзынкөл ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Р.К.Қожанованың А1 қарапайым деңгей сабағына қатысты.