Дөңгелек үстел

2023 жылғы 16 наурызда “Орыс филологиясы” мамандығы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің түлектерін жұмысқа орналастыру” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға “Тілдарын” тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Б. Нұрмағамбетова қатысты. Дөңгелек үстелде ауылдық жерлерде жас мамандарды жұмысқа орналастыру туралы тақырыптар талқыланды, сондай-ақ филология түлектері қазіргі еңбек нарығындағы мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы айтты. Сонымен қатар түлектер мекеме өкілдеріне қойылған сұрақтарға оң жауап алды. Дөңгелек үстел қызу талқылаумен және пікір алмасумен аяқталды. Іс-шара соңында шақырылған мекеменің өкілдеріне қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.