Ауданның тілдерді оқыту орталықтарына оқу-әдістемелік көмек

2023 жылдың 13 наурызында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Т.Ә. Айтмағамбетова мен әдіскер Б.Т. Ахметжанова орталықтың желілік жоспарына сәйкес “Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің” Тілдерді оқыту орталығы” КММ және “Әулиекөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің” Тілдерді оқыту орталығы” КММ-не іс-сапарға барды. Іс-сапар барысында аудандық тілдерді оқыту орталықтарының жұмыстарына бағыт-бағдар беріліп, ресми іс-қағаздарын дұрыс рәсімдеу бойынша көмек көрсетілді.