Алғыс күні

2023 жылдың 1 наурызында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы «1 Наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында орталық оқытушысы С.Д.Бекбусинова мемлекеттік тіл үйренуге өз еріктерімен келген тыңдаушыларға танымдық сабақ өткізді. Танымдық сабақтың мақсаты: ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру болып табылады.
Сабақ барысында тілді дамыту жұмыстарына байланысты түрлі тиімді әдіс-тәсілдер пайдаланылып, тыңдаушылар белсене қатысып, «Алғыс» әнімен қорытындыланды.