Ынтымақтастық кездесу

2023 жылдың 10 ақпанында, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы» КММ., Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығы» МКМ., «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді оқыту орталығы» КММ арасында ZOOM платформасы арқылы өзара ынтымақтастық кездесу өтті. Кездесу барысында, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары талқыланып, көкейтесті ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта жоспарға сәйкес ынтымақта бірлесе жұмыс жасау көзделді.