«Түстер әлеміне саяхат» сабағы.

2023 жылы 26 қаңтарда «Сөйле» тілдесу үйірмесінің қатысушыларына   «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы С.Т. Нұржанова «Түстер әлеміне саяхат» тақырыбында сабақ өткізді.  «Tarsia Maker» әдісі қолданылып, ауызша және жазбаша тапсырмалар орындалып,  ойын форматында бекітілді.    Сабақ барысында қатысушылар тіл үйренуге деген қызығушылықтарын таныта отырып,  әр түске байланысты қойылған қызықты сұрақтарға жауап беру арқылы түрлі сыйлықтарға ие болды.