Сертификат табысталды

2022 жылы 21 маусым мен 10 қараша аралығында Қостанай қаласының прокуратурасы қызметкерлеріне 48-сағаттық қысқа мерзімді курс өткізілді.

Бағдарламаға сәйкес орталық оқытушысы С.Бекбусинова тыңдаушыларға базалық және іскери қарым-қатынас, салалық терминдерді қолдану аясында сабақтар жүргізді.

Курс соңында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Т.Ә.Айтмағамбетова тыңдаушыларға сертификат табыстады.