Дөңгелек үстел өтті

2022 жылы 23 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен “ҚАЗАҚ ТІЛІ” қоғамы Қостанай облыстық филиалының жергілікті атқарушы органдармен өзара ынтымақтастығы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Л.Ж.Алдабергенова арнайы қатысып, “Көрнекі”  жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндап берді.

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Е.Б.Қалмақов “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігінің жұмысын одан әрі жандандыру бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Жалпы аталған іс-шараға мәдениет,  білім, қоғамдық даму басқармаларының мамандары және облыстық филиалдың алқа мүшелері, БАҚ өкілдері, сонымен қатар Zoom платформасы арқылы аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары қатысып, өзара пікір алмасты. Іс-шараның модераторы ретінде “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы Санай Заңғар жүргізіп отырды.