«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ақпараттандыру сағаты өтті

2022 жылғы 9 қыркүйек күні Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлерімен Қазақстан халқының тілдер күніне арналған кездесу болды.

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты дәріс оқылды. Аталған дәрісті «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілінің оқытушысы Нурмагамбетова Ақтоты Баядиловна жүргізді. Дәрістің басында конституцияның мемлекеттік тіл туралы бабының тармақтары айтылды. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтады.

Қостанай академиясында 2018 жылдан жүзеге асырылып келе жатқан жеке құрам арасындағы қазақ тілі деңгейінің ұлттық ҚАЗТЕСТ жүйесінде үздік нәтижелер көрсететінін атап өтті. Айта кету керек, қазіргі таңда Академияның 10 қызметкері В1 деңгейі бойынша білім алып жатыр.