“Тіл шебері” облыстық байқауы өтті

2022 жылғы 17 тамызда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында үш тілді меңгерген жастар арасындағы “Тіл шебері” облыстық байқауы өтті.

Байқауға әр аудан, қаладан 16 үміткер қатысып, өз білімдерін үш кезең тапсырмалары бойынша сынады. Бірінші кезеңде “Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы” тақырыбында эссе жазса, екінші кезеңде берілген мәтінге ілеспе аударма жасады. Үшінші кезеңде қатысушылар экрандағы ұяшықты таңдау арқылы тапсырманы ағылшын тілінде айтып берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі 1-ші орынды Қайырбек Тұрар (Рудный қ.), 2-ші орынды Н.Нурумова (Ұзынкөл ауд,), А.Боранбаева (Арқалық қ.), 3-ші орынды А.Бимурзова, А.Жакупова, М.Исатай (Алтынсарин, Меңдіқара, Лисаков қ.) иеленді.