“Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте” облыстық байқауы

2022 жылғы 5 тамызда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен “Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте” облыстық байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін көтеру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байқау 4 кезең бойынша өтті. 1 кезең “Тұсаукесер” команданы таныстыру; 2 кезең “Жер-судың аты – тарихтың хаты” команда капитандарының сайысы; 3 кезең “Конституцияны білесіз бе?” топтық сайыс; 4 кезең “Қазақшаңыз қалай?” шығармашылық сайыс.
Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша, әділқазылардың шешімімен жүлделі 3 орынды Науырзым ауданы, 2 орынды Алтынсарин ауданы, 1 орынды Арқалық қаласынан келген команда иеленді.

Жалпы облыстық байқауға аудан, қалалардан 12 команда қатысты.