Оқытушылар арасында республикалық байқау өтті

2022 жылғы 27 шілде күні Тараз қаласында ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ұлт ұстазы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы өтті. Байқауға әр өңірден жүзден жүйрік атанған 12 үміткер қатысты.

Жыл сайынғы дәстүрлі сайыстың мақсаты ұлы әдіскер ғалымның тіл оқыту, үйрету саласындағы еңбектерін зерделеу арқылы оның тіл меңгертуге қатысты ұтымды әдіс-тәсілдерін анықтау және насихаттау, сонымен қатар оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу.

Қостанай облысының атынан байқауға қатысқан «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Айнұр Білісбайқызы Миркемелова жүлделі 3-ші орынды жеңіп алды.