«Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы» тақырыбында көрме өтті

2022 жылдың 15 шілдесінде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Л.Толстой атындағы ғылыми әмбебап облыстық кітапханасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті қызметкерлеріне «А.Байтұрсынұлының мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрме «Дәуірдің жарық жұлдызы», «Мұрамды жеткіз келер ұрпаққа», «Жазған сөз жаным ашып Алашыма», «Тіл тағылымы» атты бөлімдерден тұрды. Шекара қызметкерлері А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайында кеңінен ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Көрмені кітапхана қызметкері Сейілова Жұлдызай Есенбекқызы таныстырды.