Дөңгелек үстел өтті

2022 жылы 15 маусым күні «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы Полиция департаментімен бірлесіп ғалым, лингвист, түрколог, қоғам қайраткері, Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – Алаш қайраткері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің алғы сөзін Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Қабыкенұлы Ынтықбаев бастап берді.

Аталған іс-шарада орталық мамандары Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы жайлы, оқу жайы, тіл мәртебесі туралы баяндама жасаса, полиция қызметкерлері Кира Гартман, Илья Криницын, Владислава Сидорова ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Оффлайн және онлайн өткен іс-шараға қалалық, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Zoom платформасы арқылы қатысып отырды.

Іс-шара соңында жергілікті полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ауезбеков Ержан ақынның «Екі жирен» әнімен аяқтады.