Онлайн кездесу өтті

2022 жылы 4 мамыр күні Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен тіл мәселесіне қатысты онлайн кездесу өтті.

Кездесуде тіл саясатының жүзеге асырылуы мен мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері және тілдерді оқыту орталықтарының бүгінгі ахуалы жайында сөз қозғалды.

Жамбыл, Павлодарлық әріптестермен қатар Қостанай облысынан «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова сөз алып, орталықтарда атқарылып жатқан жұмыстар мен атқарылуы тиіс жұмыстарды және оны орындауда кездесетін қиындықтар жөнінде айтып өтті.

Онлайн форматта өткен кездесуді Білім және ғылым вице-министрі Ғ.Б.Бейсембаев жүргізіп, кездесуде көтерілген мәселелердің оң бағытта шешілуіне мұрындық болатынын жеткізді.