Ашық сабақ өтті

2022 жылы 4 мамырда Қостанай автомобиль көлігі колледжі оқытушыларының қатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ер ел үшін туады» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Қысқа мерзімді курс тыңдаушылары екі топқа бөлініп, сайыс сабаққа қатыса отырып, берілген тапсырмаларды белсенді орындады. Сабақты орталық оқытушысы Нурмагамбетова Ақтоты Баядиловна жүргізді.