«Оқу үдерісіндегі оқу-әдістемелік құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2022 жылы 15 сәуірде Қостанай облысы мәдениет басқармасының кеңейтілген алқа отырысының секциялық жұмысы аясында “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институты базасында “Оқу үдерісіндегі оқу-әдістемелік құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі” тақырыбында бірлескен дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға ЖОО-ның оқытушылары, білім басқармасының әдіскер мамандары, білім беру мекемелерінің әдіскер мұғалімдері, аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері қатысты.

“Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры М.В.Слесарь алғысөз сөйлеп, бірлескен іс-шараның маңыздылығы туралы баяндап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

“Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Қ.Ербатырова кіріспе сөз сөйлеп, аталған іс-шараны өткізу мақсаты туралы кеңінен баяндады.

Модератор “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі Г.С.Жусупова сөз алып, дөңгелек үстелдің өту ретімен таныстырып, арнайы шақырылған спикерлерге сөз берді.

Жалпы іс-шараға 25 адам офлайн форматта, 50 адам zoom арқылы онлайн форматта қатысты.