«Қазақ тілінің болашағы латын қарпінде» тақырыбында кездесу өтті

2022 жылдың 29 наурызында Л.Н.Толстой атындағы ҚОӘҒ кітапхананың ұйымдастыруымен әмбебап оқу залында «Қазақ тілінің болашағы латын қарпінде» атты кездесу өтті.

Мемлекеттік тілді жаңғырту мен дамыту үшін қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын қарпіне көшуінің тарихи маңызы мен қажеттілігін көрсету мақсатында өткізілген іс-шараға орталық әдіскері А. Нұрбекова қатысты.

Іс-шараға қатысқан колледж студенттері мен мектеп мұғалімдері орталықта оқытылатын тілдер туралы және латын қарпіне көшуде атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет алды.