Дөңгелек үстел өтті

2021 жылғы 21 желтоқсанда Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында Мәжіліс депутаты Ю.В. Кучинскаяның қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шарада «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Ербатырова Ж.Қ. өңірдегі 20 тілдерді оқыту орталығының жұмысымен таныстырып, кәсіпкерлердің қойған сұрақтарына жауап берді.