«СөйлеTime» клубының кезекті кездесуі

2021 жылы 15 қазанда «СөйлеTime» клубының кезекті кездесуі «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында өтті.

Сабақ  Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналды. Клуб қатысушылары Ы.Алтынсариннің өмірі және шығармаларымен танысты. Берілген тапсырмаларды қатысушылар қызығушылықпен орындады. Сабақ «Quizziz» бағдарламасы арқылы тест тапсырмасымен бекітілді.

Спикер, орталық оқытушысы Ахметжанова Базаркүл Талғатқызы.