“Тілдік құзыреттілікті қалыптастырудағы ізденістер” республикалық онлайн семинар

2021 жылғы 8 қазанда Ш. Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ҰҒПО-ның ұйымдастыруымен “ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕР” республикалық онлайн семинар өтті.

Семинарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының мамандары өздерінің оқу-әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері де қатысты.