«МЕН ЫБЫРАЙДЫ ОҚИМЫН» челленджі

2021 жылғы 22 қыркүйекте Қостанай облысы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «МЕН ЫБЫРАЙДЫ ОҚИМЫН» атты челлендж zoom платформасында өтті.

Аталған іс-шараға өңірдегі облыстық, аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталығында оқитын өзге этнос өкілдері қатысып, Ы.Алтынсариннің әңгімелерінен үзінді оқыды.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығынан «СөйлеTime» клубының белсенді мүшесі Таах Алексей қатысты. Іс-шараны орталық әдіскері А.Ж. Ташмағамбетова жүргізді.