«Ізденіс және әдістеме. Презентацияны құру және безендіру» тақырыбында аудандық онлайн семинар өтті

2021 жылғы 30 шілдеде «Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ қала мен аудандардың Тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер – оқытушыларына арналған  семинар-тренинг өткізді. Семинар​ «Ізденіс және әдістеме. Презентацияны құру және безендіру» тақырыбында өтті. Іс-шара негізгі бөлім және практикалық бөлімді қамтыды.

Аталған іс-шараға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары да қатысты.

Семинар соңында қатысушылар ой-пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.