«Тәуелсіздікке тағзым» атты онлайн-сұхбат өтті

2021 жылғы 16 маусымда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы «Тәуелсіздікке тағзым» атты онлайн-сұхбатты Facebook әлеуметтік желісінде өткізді.

Онлайн-сұхбатқа «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тасибеков шақырылды.

Сұхбат барысында қазіргі уақытта қазақ тілінің қолданылуы жайында кеңінен сөз болды. Әлеуметтік желі арқылы сұхбатқа белсенді қатысқандар ойларында жүрген сауалдарына нақты жауап алды.

Онлайн-сұхбатқа қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер-оқытушылары қатысты.