«Креативті презентация-2021» атты онлайн байқау өтті

2021 жылдың 4 мамыры мен 20 маусымы аралығында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Креативті презентация-2021» латын графикалы әліпбиді насихаттау мен түсіндіруге бағытталған республикалық онлайн байқауы өтті.

Латын графикалы әліпбиді насихаттау мен үйретуде республикалық деңгейде тәжірибе алмасу алаңын құру мақсатында өткізілген онлайн байқауға әр өңірден барлығы 25 оқытушы қатысты.

Республикалық байқауда латын графикалы әліпбиді үйретуде өзіндік шығармашылық қолтаңбасымен, жаңашыл ізденістерімен ерекшеленген жеңімпаздар қатарында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының да  оқытушылары бар. Олар:

  • 3-орын: Нұрбекова Айнұр Жомартқызы – Қостанай облысы «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының әдіскері;
  • Алғысхат: Жарасбаева Жанна Темірболатқызы – Қостанай облысы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы;
  • Алғысхат: Крикпенова Гүлмира Талағатқызы – Қостанай облысы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы.