«Қазақ тілін оқытудағы жаттығу тапсырмаларының маңызы» тақырыбында республикалық семинар өтті

2021 жылғы 13 қаңтарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына қарасты Ресурстық тіл орталығы және Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілін оқытудағы жаттығу тапсырмаларының маңызы» тақырыбында республикалық онлайн семинар өтті.

Семинар барысында Назарбаев Университетінің профессоры, ф.ғ.д., Күзекова З.С., Қарағанды ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі , п.ғ.м., Жақанова Ж.Р., ресурстық тіл орталығының әдіскері Смықова Ә.Д., Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының тренер-оқытушысы Ә.М. Бахытова баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған онлайн іс-шараға «Тілдарын» орталығының мамандары да қатысып, өзара тәжірибе жинақтады.