Сертификат тапсыру рәсімі өтті

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығында 2020 жылы 21 желтоқсанда мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курсын аяқтаған тыңдаушыларға сертификат рәсімі онлайн форматта өтті.

2020 оқу жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді 268, ағылшын тілін 68, ана тілдерін 70 тыңдаушы бітірді.

Онлайн іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық департаменттердің қызметкерлері, «Тілдарын» орталығының басшысы және оқытушылары қатысты.