Онлайн марапаттау өтті

2020 жылғы 3 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тіл саласы қызметкерлерін онлайн марапаттау рәсімі өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен Қостанай облысы бойынша тіл саласын дамытуға үлес қосқан ғалымдар мен мамандар марапатталды.

Онлайн марапаттау рәсіміне Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова қатысты.