«Қашықтан оқып, тіл үйрен!» республикалық акциясы

«ҚАШЫҚТАН ОҚЫП, ТІЛ ҮЙРЕН!» республикалық акциясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің бастамасымен «2020 жылдың шілде айында басталды.

Акция барысында мемлекеттік қызметшілерге тіл үйретуде қашықтан оқытудың әрбір өңірлердегі байланыс мүмкіндігі, тіл үйренуге ынта білдірушінің ыңғайына қарай таңдау еркі ескеріліп, сабақтар ZOOM, Whatsapp, Skype, Google Classroom, Telegram, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері мен платформалары арқылы тікелей онлайнда жүргізіліп, сабақтың бейнежазбасын қайталап қарау мүмкіндігі қарастырылады.

Аталған республикалық акцияны тамыз айында Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің әдіскер-оқытушылары ONLINEda bol қашықтан оқыту режимі арқылы жалғастыруда.

Бір ай бойы «Тілдарын» орталығының әдіскер-оқытушылары тыңдаушылар үшін өзара тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Бірінші сабақ 2020 жылдың 06 тамызында басталып, аптаның дүйсенбі, бейсенбі, жұма күндері сабақ кестесіне сәйкес Zoom платформасы арқылы өткізіліп, Тілдарын Қостанай Facebook парақшасында ONLINEda bol тікелей эфирінде жүргізіледі.

Сабақтарды Қазтест жүйесінің А1 қарапайым, А2 базалық, В1 орта, В2 ортадан жоғары деңгейлері бойынша орталықтың тәжірибелі әдіскер-оқытушылары Нұрбекова А.Ж., Крикпенова Г.Т., Доспанова А.М., Миркемелова А.Б., Жарасбаева Ж.Т. жүргізеді.