Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай танымдық сабақ өтті

2020 жылғы 17 маусымда «Тілдарын» орталығында Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «СӨНБЕС ЖҰЛДЫЗДАР. ӘЛ-ФАРАБИ» атты танымдық саяхат сабақ онлайн түрінде Zoom платформасында өтті.

Ашық сабақты оқытушы А.Доспанова жүргізді.

Аталған сабаққа статистика департаментінің қызметкерлерімен қатар, аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары да өте белсенді қатысып, өзара тәжірибе алмасып отырды. Жалпы Zoom арқылы 37 маман қатысты.