Кезекті әдістемелік отырыс өтті

«Тілдарын» орталығында кезекті әдістемелік отырыс өтті.

Отырыста орталық әдіскерлері мен оқытушылары Quizizz.com онлайн бағдарламасымен жіті танысып, викториналық сұрақтар, тест тапсырмалары, ашық сұрақтар құрастыру бөліктері бойынша тапсырмалар жасап, оны орындап көрді.

Онлайн бағдарлама сабақ беру барысында әртүрлі бекіту тапсырмаларын тыңдаушылармен жасауға өте қолайлы болып табылады.